«Педагог мәртебесі»: Ұстаздардың апталық жұмыс жүктемесі қысқарады – Kyzylorda News
Басты бет

«Педагог мәртебесі»: Ұстаздардың апталық жұмыс жүктемесі қысқарады

24.12.2019, 16:00

617 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Кәсіподақ федерациясының өкілдері «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұсыныстарымыздың көбі заң жобасына енгізілді. Біз өз ұсынысымызда ұстаздардың оқу жүктемесін азайту мәселесін көтердік. Жоба бойынша, орта мектептерде ұстаздардың бір апталық оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа азайды. Ұстаздардың кәсібі жұмысына араласпау туралы, ұстаздарды көптеген тексерістерден, қағазбастылықтан босату туралы ұсыныс айттық. Мектепте жұмыс істейтін магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша төлемақы төлеуге ұсыныстар айттық», – дейді Қазақстан білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

0

Пікір қалдыру