Фото: depositphotos.com/ru
Kyzylorda-news.kz Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында былтыр 25,1 мың құқық бұзушылық тіркелсе, биыл 47,6 мыңға жеткен.
Жылдық өсім бірден 89,3% болды. Оның 20,8 мыңы – денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, 16,9 мыңы – ұрып-соғу, 743-і – жала жабу. Оның ішінде 43,7 мың әкімшілік іс қаралды, — деп жазды Ulysmedia.
Өңірлер бойынша ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Павлодар облысында жасалған. Ең азы Қызылорда (21 жағдай), Маңғыстау (22 жағдай) және Абай (25 жағдай) облыстарында тіркелді.