ФОТО: Индустриальную Караганду

Kyzylorda-news.kz.  Отбасы банк депозит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,1% дейін болатын жаңа тарифтік бағдарламаны іске қосты.

Бүгін Отбасы банк («Бәйтерек» холдингініңеншілесұйымы) «Табысты» тарифтік бағдарламасын іске қосты. Бұл Отбасы банкін де жұмыс істеп тұрған «Баспана» депозитіне балама болады.

Жаңа депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5,5% құрайды. Жыл сайынғы 20% мемлекеттік сыйлықақыны ескере отырып (сыйлықақы 200 АЕК-тенаспайтынсомағаесептеледі) жылдық тиімді мөлшерлеме 17,1%-ға жетеді.

Жаңа депозит шеңберіндегі бұл мөлшерлеме, жинақтау кезеңі бірнеше рет ұзартылса да, өзгеріссіз қалады.

«Табысты» тарифтік бағдарламасы бойынша жинақтау мерзімі кемінде 3 жыл.

Тағы бір маңызды артықшылығы – Отбасы банк клиенттері, аталмыш депозитпен жылдық 8,5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 8,8%-дан бастап) тұрғын үй несиесін ала алады. Ол 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Біз клиенттеріміздің сұранысы бойынша «Табысты» тарифтік бағдарламасын іске қосып жатырмыз. Максималды табыс көруге және оны көбейтуді көздеген клиенттеріміз үшін. Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 63 пайызы Отбасы банкінде жылдық 5,5 пайыздық мөлшерлемемен ақша жинауға дайын. Олардың көпшілігі 20-дан 100 мың теңгеге дейінгі депозиттерді ай ма ай толықтыруға дайынбыз деп жауап берді. Респонденттердің 30%-ға жуығы Отбасы банкінде депозит ашудың маңызды факторы ретінде – төмен мөлшерлемемен заем алу мүмкіндігін атап өтті. 8,5% (ЖТСМ 8,8%-дан бастап) несие мөлшерлемесі тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заң талаптарына сәйкес қалыптастырылды. Онда тұрғын үй заемы бойынша жинақ пен несиелендіру арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің айырмашылығы 3 пайыздан аспауы керек делінген. Бұл біздің клиенттер үшін өте қолайлы жағдай деп есептеймін. Бүгінгі таңда депозит ашып, кірісті арттырып қана қоймай, ол арқылы тұрғын үй мәселесінде шешуге болады», - деп атап өтті «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Табысты» депозиті бойынша ең төменгі келісімшарт сомасы 6 млн теңге.

«Табысты» – болашақта тұрғын үй заемына айналатын депозит. Яғни, жетіспейтін 50% сомаға Отбасы банкінің клиенті жылдық 8,5% (ЖТСМ 8,8%-дан бастап) мөлшерлемесі бойынша ипотека ала алады. Бұл депозит бойынша аралық немесе алдын ала заем жоқ. Сондай-ақ «Табысты»салымының кәдімгі депозитке және керісінше ауысу мүмкін болмайды.

Жаңа депозит арқылы мемлекеттік бағдарламалар мен «Өз үйім» бағдарламасына қатысу мүмкін болмайды.

«Табысты» депозитін банк кеңесшілері арқылы ашуға болады. Олардың мәліметтерін банктің сайты арқылы білуге болады.



 

 

 

          

Тағы да оқыңыз: