Kyzylorda-news.kz. Қазақстан коронавирус инфекциясының жаңа штамының пайда болуына орай 3 желтоқсаннан шектеу іс-шараларын күшейтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда ағымдағы жылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. Бірінші – Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу», – деді бірінші вице-министр.

Оның атап өтуінше, екіншіден, «Омикрон» нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуы енгізіледі.

«Үшіншіден, «Омикрон»-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс. Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттары, шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақтылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет», – деді Марат Шоранов.

Тағы да оқыңыз: