Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңгедайындау іс-қимылдарына азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2024 жылғы 8 ақпан күні «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуыөткізілді. Осындай оқу-жаттығудың облыстық кезеңі Жалағаш ауданы Ақсу ауылында ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығуды бақылау мақсатында Жалағаш ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің және шұғыл әрекет ету жасақтарының күш-құралдарының әзірлігін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Жаханов Бақыт Дүйсенұлы, Жалағаш ауданының әкімі Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы қарап, тексерді. Жалағаш ауданда өткен оқу-жаттығуға 274 адам және 93бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерінің өкілдері мен волонтерлер де қатысты.
Оқу-жаттығудың шарты бойынша: Ақсу ауылы маңындағы Сырдария өзенінде сең жүру кезінде мұз кептелісі әсерінен дария деңгейі көтерілуі салдарынан Ақсу ауылын су басу қаупі төнді.
Ақсу ауылы жер көлемі 20 502 гектарды құрайды. Ауылда мектеп пен клуб бар. Ақсу ауылында 10 көше бар.333 тұрғын үй бар. Халық саны – 1674 адам. Тұрғындардың көпшілігі мал өсіреді. Ақсу ауылының аумағында Сырдария өзенімен келетін мол суды қауіпсіз өткізужұмыстары жүзеге асырылды.
Ақсу ауылының жанына штаб құрылып, далалық лагерь өрістетілді. 1 шатыр 2 дана далалық палатка (палаточный городок) құрылды.
Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен көшпелі төтенше жағдайлардың алдын алу жою жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау бойынша шешім қабылданды.
Энергетика қызметі электр желілерін жүргізіп үздіксіз тоқ көзімен қамтамасыз етті. Сырдария өзеніне келген мол су салдарынан орын алған тасқынды жою мақсатында, қамыс, қада, құм қаптармен бөгеу және осал аймақтарды күшейту жұмыстарына жеке құрам жұмылдырылды.
Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі арқылы оқиға орны турникеттермен қоршалып, күзетке алынды.
Инженерлік, Өртке қарсы қызметтері мен барлау тобының құрамалары дамбының жырған жерлеріне құмды қапқа салып, бөгеу жұмыстарын жүргізді.
Көлік қызметі мен құтқару командасы тұрғындарды эвакуациялады.
ТЖ аймақ орнында Қызылорда облысы әкімінің және Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жылжымалы басқару пункті және байланыс торабы дайындыққа келтірілді.
Басқару пункті дайындыққа келтіріліп, облыстың халықты құлақтандыру және байланыс жүйесі тексерілді, облыстың АҚ қызметтері мен Қызылорда қаласы және аудандардың әкімшілік аппараттары арасында өзара байланыс жүйесі ұйымдастырылды.
Сырдария өзенінде орын алған тасқынынан Ақсу елді мекенінің тұрғындарының малдарын «Бостай» учаскесіне эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.
Арнайы тактикалық оқу-жаттығу барысында Ақсу ауылындағы 1 эвакуациялық жинақтау пункті және 3 эвакуациялық қабылдау пункті тексерілді. Жалпы 1674 адамды көшіруге мүмкіндік қарастырылған.