Kyzylorda-news.kz. «АМАNАТ» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасын орындау мақсатында және 2023 жылдың 21 шілдедегі Премьер-Министрдің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенованың кеңес хаттамасының 3 тармақтың 1 тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы 6 маусымда Жалағаш ауданы әкімінің №126 қаулысымен Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, ережесі бекітілді. (Жалағаш кенті, Конституция көшесі №5 мекен-жайда орналасқан).
«Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 16 штаттық бірлікпен бекітіліп, жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде 1-і директор, 1-і психолог, 1 медбике, 6 маман,1 есепші, 1 хатшы, 2 еден жуушы, 3 қарауыл.
Орталық мамандарының мынадай негізгі функцияларды атқарады.
- Жағдайы төмен отбасыларды толық сүймелдеу, қиын жағдайдан шығару және қажет болған жағдайда әйелдерге уақытша тұру үшін орын беру;
- Аудан көлемінде отбасыларға қолдау және көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
- Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына психологиялық қолдау, кеңес беру бойынша қызметтер көрсетеді;
- Өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Жалағаш ауданы бойынша 7 075 отбасында 36 063 халық есепте тұрады. Экономикалық белсенді халық саны 14 646 адам. Жұмыссыздар- 750, оның ішінде тіркелгендер 1859, мүгедектігі бар адамдар 972. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрайды.
Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындар. 2023 жылы 224 отбасының 1313 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 69214,6мың теңге қаржы жұмасалған.
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны 565 құрайды оның ішінде жетім балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балар – 90, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар - 185, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына - 206, мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым қызыметкерлерге - 77, жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар - 7 отбасыны құрайды. Жер учаскесіне есепте тұрған азаматтардың саны 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мәлімет бойынша 2902 (екі мың тоғыз жүз екі).
2023 жылдың 5 айында және ағымдағы жылдың 22 наурызына дейін орталық қызметкерлерімен төмендегі іс-шаралар атқарылды.
Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарымен бірлесіп, мектептер мен оқу орындарда (45) кездесулер ұйымдастырылды.
Отбасы құндылығын айқындайтын «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында билбордтар орнатылды.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында аудан әкімдігімен ішкі істер органдарымен бірлесіп бейнероликтер мен хабарламалар дайындалып, телеарна мен әлеуметтік желіде (17) мақала жарияланды.
Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары аясында Жалағаш АПб ЖПҚб ӘЗЗҚт инспекторымен Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы әйелдерге және балаларға жасалынатын зорлық-зомбылық мәселесiн зерттеу мақсатында Жалағаш ауданының отбасын қолдау орталығының психологымен бірлесіп, халық көп шоғырланатын орындарда 15 рет жаднамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық шара кезінде тұрғындарға заң тұрғысынан толыққанды түсіндіріп, қандай да бір кұқық бұзушылық дерегі орын алған жағдайда полицияға хабар беру ескертілді.
Бүгінгі күні Жалағаш ауданы бойынша 20 мектепте оқитын 7063 оқушының қолайсыз отбасында тәрбиеленетіні – 10, мектепішілік және есебінде 27, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған - 43, аз қамтамасыз етілген отбасында 2073 (29%), көп балалы отбасында 2043 бала тәрбиеленуде. Толық емес отбасының ішінде ата-анасының бірі қайтыс болғаны – 312, ажырасқан – 437, Толық емес отбасының ішінде әлеуметтік қолдауды қажет ететіні – 214 оқушы бар.
Жоғарыдағы оқушылардың Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар мен Зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша мектеп оқушыларымен орталық мамандары арнайы дәрістер мен семинар кеңестер өткізілді, онда 1650 оқушы қамтылды. Бұл бағытта тұрақты түрде жұмыстар жүргізілетін болады.
«Отбасын қолдау» орталығының мамандарымен кент ішіндегі тұрмысы төмен отбасыларына зерттеу жұмыстары жүргізіліп әлеуметтік карталары жасалды.
«Отбасын қолдау» орталығының мамандары көмек сұрап келген өмірлік қиын жағдайда қалған 76 кент тұрғындарына қайырылымдық іс шаралары және Жалағаш ауданы бойынша ұйымдармен кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының демеушігі есебінен 2000 балаға оқу құралдарымен киім-кешек алып беру жұмыстары ұйымдастырылды.
«1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» және наурыз мерекесіне орай «Ардагерлер – алтын қазық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Орталық мамандары жалғыз басты және көп балалы 21 қарт отбасылардың үйіне барып, мерекелерімен құттықтап ауласына тазалық жұмыстарын жүргізілді.
Жалағаш ауданы соты жанындағы сотқа дейінгі татуластыру орталығына мекеме ғимаратынан жаладау ақысы өндірілмей арнай бөлме бөлінді.
Орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және аудандық АХАТ бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп аудандық перзентханада босанған аналарды салтанатты түрде шығару және шаңырақ көтерген жас жұбайларға неке куәліктерімен сыйлықтар беру жұмыстары жүргізілді.
Тұрмысы төмен 56 отбасына «Азаматтарға арналған үкімет» Жалағаш аудандық филиалында құжат рәсімдеуге және мемлекеттік қызмет алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» Республикалық акция барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін кент ішіндегі 4 мектепке барып орталық қызыметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ана-отбасы тірегі» және «Әйелдерді қорғау-парызымыз» тақырыбында дөңгелек үстел, семинар-тренингтер өткізілді.
Орталық психологымен 31 тұрмысы төмен отбасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық тест, тренингтер өткізіліп жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар табысталды.
Атқарылған жұмыстардың барлығы Facebook әлеуметтік жілісінен «Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығы» парақшасы ашылып ақпараттандырылды.