Kyzylorda-news.kz Бұл туралы Өзбекстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Гуманитарлық көмек президент Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша жіберілген. Министрлер Кабинетінің бұйрығы негізінде 15 жүк көлігінен тұратын гуманитарлық жүк жасақталып, жүкті жеткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері айқындалған.
15 жүк көлігінде азық-түлік, киім-кешек, төсек жабдықтары, гигиеналық құралдар, шатырлар мен резеңке қайықтар бар.
Гуманитарлық көмек жүктерін Қазақстанға Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған жұмыс тобы жеткізеді.