Kyzylorda-news.kz Ұлттық Құрылтай аясында өңірде өткен ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысқан кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді марапаттау шаралары өз жалғасын табуда.

Осы орайда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы Зебешев еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылатын Ұлттық Құрылтайдың V отырысының өңірде жоғары деңгейде өтуіне айрықша үлес қосқан қонақ үй саласының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында олардың жауапкершілігі мен кәсібилігін атап өтіп, көрсетілген қызмет сапасы қонақтар мен делегация мүшелерінің оң бағасына ие болғанын жеткізді.

Сондай-ақ бұл игі іс өңірдегі кәсіпкерлік субъектілерінің қоғамдық маңызды шараларға белсенді түрде атсалыса алатынын, бірлескен жұмыстың нәтижесі әрдайым жоғары болатынын атап өтті.

Жиын соңында үлесті еңбегі үшін барлық қонақ үйлер ұжымына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 2.jpg

Тағы да оқыңыз: