Kyzylorda-news.kz.  Өңірде бірінші шілдеден бастап судьялар жаңа кодекс бойынша жұмыс істейтін болады. Яғни, әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс.

Осыған орай, республика бойынша 21 мамандандырылған әкімшілік сот құрылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық соттың судьясы Жанат Оспанова баяндады.

«Жоғары Сотта және облыстық соттарда арнайы әкімшілік алқалар құрылды. Бұл соттар билікпен азаматтар арасындағы дауларды қарайды. Даулар осы күнге дейін де қаралып келді. Алайда азаматтық процестік кодекс ережелерімен реттелген болса, енді қарау тәртібі өзгереді», – деді Жанат Әнуарқызы.

Аталған Кодекс еліміздің тарихында алғаш қабылданып отырған мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, оларды жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін жаңа заңнама.

Тағы да оқыңыз: