Kyzylorda-news.kz.  Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған мәселелерді, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгін жеке қабылдауға 15 адам келді.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігінің көтерген мәселесі – тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және отбасы мүшелерінің ем-домына қаржылай көмек көрсету.

Облыс әкімі азаматтардың алға тартқан мәселелері жіті зерттелетінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Мәселен, осы жолы бір топ қала тұрғыны Қызылордада инклюзивті театр ашу жобасына қолдау сұрады. Аймақ басшысы бұл жобаны қолдап, облыстық мәдениет және спорт басқармасына тиісті ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Мұнан бөлек, қабылдауда ДЦП диагнозы қойылған баласын Талсуаттағы оңалту орталығына ем алу үшін орналастыруды сұраған ананың, тұрақты жұмыспен қамтуды сұраған 40 жастағы қала тұрғынының мәселелері шешімін тапты.

Осы уақытқа дейін облыс әкімі 30 жеке қабылдау өткізіп, 600-ден астам тұрғынның өзекті мәселесіне ден қойды.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

339283390_1227028727928891_690923174725334614_n.jpg

 

339290664_115393671515400_3736915878456033799_n.jpg
339403452_242750288121480_6527005643047070352_n.jpg

 

339251963_1673092889794584_57894108359779234_n.jpg

Тағы да оқыңыз: