Kyzylorda-news.kz Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге қаладағы нысандарды аралап, жұмысымен таныстырды. Атап айтсақ, Өнер орталығына, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына, жаңа жылу-электр орталығына барды.

Өнер орталығы – Қызылордада кейінгі жылдары салынған сәулетті ғимараттың бірі, мұнда симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.

Облыс әкімі нысандарды аралады.jpg

Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы бір мезетте 500, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды. Бассейн, топтық жаттығу, көркем гимнастика және фитнес, үстел ойындарына арналған, жекпе-жек залдары бар. Кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.

«Акса Энерджи» түрік компаниясы салған жаңа жылу-электр орталығы 240 мегаватт электр қуатын, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Жобаның жалпы құны – 215 млрд. теңге. Бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған теңдессіз жоба.

Икрам Адырбеков Сыр өңірі серпінді даму жолына түскенін, әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық жобалардың сәтті жүзеге асқанын атап өтіп, алдағы  бастамалардың да табысты болуына тілектестігін білдірді.

Облыс әкімі кездесу 21.11.jpg

Тағы да оқыңыз: