Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президенттің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы аясында құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге бірнеше аудандарды аралап келеді. Бүгін аймақ басшысы Қармақшы ауданының тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Ашықтық қағидасына негізделген қабылдауда барлығы 77 азаматтың өтініші қаралды. Облыс әкіміне 26 тұрғын сауалдарын жолдап, өтінішін білдірді.
Құқық қорғау органдарының басшыларына 51 азамат өз мәселесін жеткізіп, заң аясында тиісті түсіндірме алды.