Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев жауапты сала басшыларымен бірге қаладағы  құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен сол жағалаудағы бір ауысымда 100 келушіге қызмет көрсететін емханасы бар 300 төсектік көпбейінді ауруханадағы қазіргі жұмыс барысымен танысты.  Кешен құрылысы Инфрақұрылымдық даму қоры арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылған. «Мелиоратор» ЖШС салып жатқан нысан 10 блоктан, атап айтқанда, қабылдау, реанимация, химиотерапия, операция, радиология, емхана, пансионат, физиотерапия және басқа да бөлімдерден тұрады. Қазіргі уақытта ғимараттың іші әрленіп, инженерлік желілері тартылуда.

Қалада құрылысы қарқын алған тағы бір медициналық  мекеме – Титов шағын ауданындағы 400 келушіге арналған № 5 емхана. Жалпы ауданы 8 937 шаршы метр болатын ғимаратты салуға 9,7 млрд теңге бөлінген. Мұнда да  ішкі әрлеу, инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

FB_IMG_1794058823232.jpg

Аймақ басшысы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Инжинирингтік паркінің құрылыс алаңына да барды.  
«Орион LTD» ЖШС салып жатқан  нысан археологиялық, инженерлік, роботехника, жерді қашықтан зондтау, IT  зертханалармен, академиялық басымдық және жасанды интеллект орталығымен, компьютерлік аудиториялар, 90 орындық дәрісхана, 140 орындық конференц-залымен қамтылған.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес Қызылордада 600 мың кітап қорын сақтауға арналған Президенттік кітапхана құрылысы басталды. Кітапхана ғимаратында конференция, оқу, тарих және басылым, архив және сирек қор залдары, электрондық кітапхана,  әлем әдебиеті бөлімі, өнер, көрме галереялары, медиалаборатория, балалар аймақтары, коворкинг, фудкорт, қалпына келтіру шеберханасы, типография орналасады. Бүгінде жер қазылып,  іргетасын құю жұмыстары жүруде.

Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол өткелінің құрылыс барысы да назардан тыс қалмады. Көпір пайдалануға берілген соң, теміржолдың арғы бетіндегі Шанхай, Коммунизм, Гагарин шағын аудандары тұрғындарының көлік қатынасы едәуір жеңілдейді.

Мұрат Нәлқожаұлы сенбілікке шыққан жұртшылықпен кездесіп, тазалыққа үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

FB_IMG_1794058855266.jpg

Тағы да оқыңыз: