Kyzylorda-news.kz.  Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 18 наурыз күні Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

“Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Партияның негізгі міндеттері талқыланады”, – деді Айдос Үкібай.

Бұған дейін Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын. Тұңғыш президентке партия активінің сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмыс пен саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық туралы есеп берілді.

Тағы да оқыңыз: