Kyzylorda-news.kz. Ұлттық мереке – Республика күні аясында Сыр елінде бірқатар нысандар ашылып, пайдалануға беріліп жатыр. Мереке қарсаңында қоғамдық көліктер қатары жаңа 40 автобуспен толықты.

Бұған дейін, Қызылорда автобус паркіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алуға 1,43 млрд. теңге қаржы бөлінген. Серіктестік пен аталған Қор және «ҚазТехна» (QazTehna) компаниясымен тиісті шарттарға қол қойып, жұмыстарды лайықты деңгейде жалғастыруда. 

Игі іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. 

“Осы кезге дейін ел ішінде қоғамдық көліктердің саны мен сапа мәселесі қызу талқыға түсіп, түрлі пікірлерге ұласқанын ескеріп жүрміз. Жерлестерімнің орынды пікірін мен де қуаттаймын. Аймақ басшысы қызметіне келген сәттен бастап автобус паркін жаңарту ісіне мән беріп, тікелей қолдау жүргіздік. Нәтижесінде 150 дана автобус алуға қаржы бөлінді. Бұл - үлкен қолдау”, - деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қызылордада 21 жаңа қоғамдық көлік алынды. Ал, қараша айында қалған жаңа автобустар келетін болады. Қала тұрғындарының еркін жүруіне жағдай жасау жалғаса береді. 

автобус1.jpg

Тағы да оқыңыз: