Kyzylorda-news.kz. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Нұр-Сұлтанды карантинге жабуы мүмкін екендігін Қазақстан ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасында айтты.

Қазіргі таңда Қазақстанның коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 27-ге жетті. Алматыда 11 адамнан коронавирус анықталса, Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш 16-ға жетіп отыр. Осыған байланысты елордада карантин енгізілуі мүмкін екен.

«Б жоспары бойынша қаланы карантинге жабу ойымызда бар. Мұны енді жергілікті басқару органдары шешеді. Бүгін сондай мәлімет болатын шығар. Олай болса Нұр-Сұлтан толығымен карантинге жабылады», – деп мәлімдеді Диас Ахметшәріп. 

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда ауруға шалдыққан тағы 14 адам анықталған еді.

Тағы да оқыңыз: