Мұрат Ергешбаев: Президент тапсырмасы тиянақты орындалуы тиіс – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Мұрат Ергешбаев: Президент тапсырмасы тиянақты орындалуы тиіс

24.11.2020, 16:20

240 0

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және ауылдық округ әкімдерін жеке қабылдады. Негізгі мәселе – аудандағы жасыл желек пен жасыл белдеулердің санын көбейтіп, экологиялық ахуалдың жақсаруына қол жеткізу.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деген болатын. Осыған орай ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс.

Қабылдауда Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және ауылдық округ әкімдері аудан басшысына осы мәселеге байланысты өздерінің жоспарларымен таныстырып, егжей-тегжейлі баяндады.

«Қазалы ауданында Президент тапсырмасы тиянақты орындалуы тиіс. Ол үшін осы кезден бастап нақты жоспарларыңыз болып, қажетті қаржыларыңызды есептеулеріңіз керек. Жергілікті жердің топырағына дейін зерттеп, көктеп кететін көшеттерді отырғызу қажет. Бәрін-бәрін ескеріңіздер. Аяқ сумен қалай қамтамасыз етесіздер. Су айдайтын матор қажет па? Қажет болса ол қанша тұрады? Жер асты суы жоқ па? Болса не істеу керек? Мұның барлығы да маңызды. Өйткені біз еккен әрбір тал көктеп, жасыл желекке айналуы тиіс», – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Сондай-ақ, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының әкімдеріне екі аралықта жолдың қос бетіне «Жасыл белдеу» қалыптастыру жөнінде тапсырма берді.

0

Пікір қалдыру