Kyzylorda-news.kz. Мұрат Кәрібайұлы Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жарлықта «М.К. Бектановты тағайындау туралы 2021 жылғы 31 тамыз Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын» делінген.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Тағы да оқыңыз: