Kyzylorda-news.kz. Өскелең ұрпақты жан-жақты дамытып, толыққанды тұлғаны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Отбасы – тәрбие бесігі» атты бірлескен кеңесте мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдардың докторы Мұрат Бақтиярұлы елімізде 1 млн-ға жуық бала ең аз қамтылған отбасыда тәрбиеленіп жатқанын айтты.

«Қоғамда шешімін таппаған мәселе өте көп. Деректерге сүйенсек, елімізде 20 млн. халық болатын болса, соның ішінде 1 млн-ға жуық бала ең кедей отбасында тәрбиеленіп, білім алуда. Бұл ресми деректер, ал бейресми дерек мұнан да көп болуы мүмкін. Оларды жоғалып бара жатқан ұрпақ деп айтуға болады. Сондықтан да Президентіміз бірінші кезекте кедейшілікпен күресудің жаңа жүйесін жасауға Үкіметке тікелей тапсырма берген болатын. Қазіргі таңда біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі «Жайлы мектеп» жобасы. Жоба аясында республикалық бюджеттен 2,6 трлн. теңге бөлініп, алдағы үш жылда 800 мыңға жуық балаларды жайлы мектеппен қамтитын боламыз», - деді Мұрат Бақтиярұлы.  

Тағы да оқыңыз: