Kyzylorda-news.kz. Енді мүмкіндігі шектеулі жандар вакцинаны үйде ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оларға Ресейлік Sputnik V ұсынылмайды. Себебі бұл вакцинаның бір бөтелкесі бес адамға арналған. Оларға тек отандық QazVac немесе Hayat-Vax екпесі салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандар тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеге хабарласып, телефон арқылы өтініш қалдырады.