Kyzylorda-news.kz Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов М. Шәменов ауылының газдандыру жұмыстарымен танысты.
Жұмыс сапары барысында алдымен ауылға дейінгі газ құбырларын тарту барысын жылдамдату қажет екендігін, егін науқаны басталған уақытта шұңқырларды қазуда кедергілер көп болатындығын жеткізді.
Ауылдың басым бөлігіне газ құбырлары орнатылған. Ағымдағы жылы ауылдың газдандыру жұмыстарына ұлттық қордан 100 млн.теңге, облыстық бюджеттен 4,5 млн.теңге қаралды. Бүгінгі күнге барлығы 21,8 шақырым газ құбырлары тартылды. Оның ішінде жоғары қысымды газ құбыры – 12 шақырым, төмен қысымды газ құбыры – 9,8 шақырым.
Аудан халқы 100 пайызорталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылған.
2023 жылы Аққұм, Мәдениет елді мекендерінің ауыз су жүйесін кеңейту және «Ақтерек» учаскесінің су ұңғымалары, су жинау-тарату кешенінің құрылысы мен сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы Аламесек ауылдық округінде ауыз су жүйесін кеңейту және Жалағаш кентінетозығы жеткен құбырларды ауыстыруға жоба-сметалық құжаттама әзірленетін болады.
Бүгінде аудан халқының 45,1 пайызыкөгілдір отынның игілігін көріп отыр. 2023 жылы елді мекендерді, әлеуметтік нысандарды газдандыру бойынша 5 жоба қолға алынды. 5 жобаның 2-еуі толықтай жүзеге асып, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында «Наркескен» спорт клубы менаудандық кітапхана ғимараттары табиғи газға қосылды.
Жалағаш кентіндегі «Ақтерек»учаскесіндегі жаңа тұрғын ауданын газбен жабдықтау жүйесінің құрылысына республикалық бюджет есебінен 603 млн. теңге қаржы бөлініп, газ құбырын тарту жұмыстары толығымен аяқталды.
Ақсу, М.Шәменов елді мекендерін газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде(Ұлттық қордан 200,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 36,3 млн. теңге). Жобалардың құны 1,2 млрд. теңге.
Қазіргі таңда мердігер мекеме құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде («AЭS and Limited» ЖШС).
Аталған жобалар жүзеге асырылған жағдайда аудан тұрғындарының 50 пайызыгазбен қамтылатын болады.Біз елді мекендерді газдандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен іске асыратын боламыз. Осы орайда, ағымдағы жылы Қаракеткен, Далдабай және Бұқарбай батыр елді мекендерін газдандыруға жоба-сметалық құжаттама әзірленетін болады.