Kyzylorda-news.kz. Бүгін Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметованың 100 жылдығы мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 90 жылдығына арналған «Моншақ» спектаклі сахналанды.

Қойылымға ҚР Білім және ғылым вице-минстрі Шолпан Каринова, облыс әкімінің орынбасары Балжан Шаменова, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мен зиялы қауым өкілдері, ұстаздар және студенттер қатысты.

Киелі сахнада Мәншүк Маметованың толық өмір жолын бейнелейтін «Моншақ» қойылымын колледждің 100-ден астам студенттері сомдап шығып, көрермендердің ерекше қошеметтеріне ие болды.

Театр төрінде өткен қойылымда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Танатқызы қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың 100 жылдығы мен колледждің 90 жылдығымен құттықтап, спектакльден алған ерекше әсерімен бөлісіп студенттерге алғысын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: