Министр: Қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Министр: Қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданады

30.06.2020, 12:00

463 0

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қатаң карантин шараларын қабылдауға қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал мен бизнеске ықпалды есепке ала отырып, біз бірнеше нұсқаны ұсындық: карантин енгізу немесе қатаң шектеу шараларын енгізу. Оның бәрі қазір қаралып жатыр. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия жақын арада қабылдайды», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді .

0

Пікір қалдыру