Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысына 424 млрд.теңге инвестиция тарту  индикаторы бекітілген. Өткен 8 айдың қорытындысымен қаржыландырудың барлық көздерінен 258 млрд. теңге инвестиция тартылып, бүгінгі күнге 61 пайыз орындалды.

Жалпы инвестицияға қатысты меже белгілегенде ескерілуі тиіс бірнеше фактор бар. Бұл ретте барлық жағдай есепке алынуы керек екенін айтты аймақ басшысы.

Мәселен,  Қармақшы, Жалағаш аудандарының мүмкіндігі мен Шиелі, Жаңақорған  аудандарының мүмкіндігін салыстыруға да келмейді.  Жалағашта 36 мың халық тұрады, Қазалыда 80 мыңның үстінде халық, бірталай өндіріс орны бар. Жоспарлау  кезінде қателікке жол бермес үшін барлығы жан-жақты зерттеп-зерделенуі керек. Аймақтағы аудандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, потенциалын салыстырса артық етпейді. Нұрлыбек Машбекұлы көршілес облыстардың тыныс-тіршілігі, шаруашылық жағдайы ұқсас аудандарында қандай  жұмыстар  атқарылғанына да назар аударған жөн екенін еске салды.

Тағы да оқыңыз: