Kyzylorda-news.kz. Негізгі капиталға инвестиция тарту жоспарына сәйкес 2021 жылы 456 млрд теңге көлемінде меже белгіленіп, ол 66%-ға орындалған, яғни 302 млрд теңге инвестиция тартылған.
2022 жылы жүйелі жұмыстың нәтижесінде белгіленген 373 млрд теңге инвестиция тарту жоспары 109%-ға артығымен орындалып, 409 млрд теңге құйылған.
Биылғы меже - 424 млрд теңге. 8 айда 258 млрд теңгеден астам қаржы тартылып, жоспар 61% орындалды.
Аймақ басшысы қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына жыл соңына дейін инвестиция тарту жоспарын толық орындап, сапалы жұмыс жүргізуді тапсырды.