Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданындағы «Руханият орталығында» Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті.
Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов бірлік пен бейбітшілікті сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше екенін атап өтіп, ауданның қоғамдық және мәдени өміріне белсене атсалысып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің құттықтауын табыстады.
Сондай-ақ, этносаралық татулықты сақтаудағы "Руханият" орталығынан ашылған «Қоғамдық келісім» кабинетінің қызметі, облыс орталығында салынып жатқан «Достық үйінің» маңыздылығы, өңірдегі барлық этнос өкілдерінің ел игілігі жолындағы еңбегі атап өтілді.
Мерекелік қабылдауда қоғам белсенділері мен ардагерлер сөз сөйлеп, бірлік пен достықты, ұрпаққа үлгі боларлық ортақ құндылықтарды дәріптеп, мазмұнды ойларын ортаға салды.