Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бақытты әрі берік шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі. Отаншылдық пен жауапкершілік, парасаттылық пен ізеттілік, еңбекқорлық пен жасампаздық сияқты асыл қасиеттер ең жақын жандардың үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында қалыптасады. Ізгілік идеалдары мен қағидаларына негізделген тұлға дүниетанымы ата-ана тәрбиесінен бастау алады. Халқымыз қашанда шыққан тегіңді білуге және отбасы құндылықтарын ұлықтауға айрықша мән берген. Бүгінде бұл қасиеттер ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады» деген болатын. Осыған орай біз Сексеуіл кентінде тұратын теміржолшылар отбасы туралы сөз қозғамақпыз. 

Тоғыз жолдың торабы Сексеуіл кентіндегі теміржол бекетінде талай адам қызмет етті. Тіпті бір отбасының шежіресі ата дан балаға жалғасқан теміржолшылар денастиясынан тұрады. Олар ұрпағымен сабақтастқан салада абыройлы қызмет етті. Сондай өнегелі отбасының бірі Ибрагиовтар жанұясы. Сексеуіл локоматив пайдалану депосында 1977 жылдан бастап қызмет жолын бастаған Жақсат ағамыз бүгінде құрметті зейнет демалысына шыққан. Ол өзінің қызмет еткен жылдарында әр түрлі сатыға көтеріліп, «Құрметті теміржолшы» атағын алды. Бүгінде қогс бірдей үлы да әке жолын жалғап теміржолда жұмыс жасап жүр.

Арал ауданына қарасты Тастүбек елді мекеінде балықшылықты кәсіп еткен отбасында дүниеге келген Жақсат ағамыз ол кезде пойыз жүргіземін де деп әсте ойламаса керек. Тек мектеп қабырғасында жүрген 4-сыныпта ғана ол теміржол мен пойыз ды өз көзімен көрді. Сол шақтан бастап бала көңілде осы салаға деген ерекше қызығушылық туды. Мектеп  бітіріп, әскерей борышын өтеп келген Жақсат Ибрагимов 1977 жылы локоматив пайдалану депосы жанындағы машенист көмекшілерін дайындайтын курсты бітірген соң бірден жұмысқа орналасады.  

– Мені алғаш келген күнен бастап ұжымдастарым құшақ ашып қарсы алды. Соның арқасында өз жұмысыма бірден керісіп, тез үйреніп кеттім. Машенистің көмекшісі болып жүріп екі жылдан соң Қазалыдағы техникалық мектепке тепловоз машенисті курысын оқып алдым. Сүйтіп 1982 жылдан бастап машенист болып еңбек ете бастадым. 

Мамандығына адал Жақсат Ибрагимов жерге қаратқан жоқ, өндірістік көрсеткіштерін үнемі жоғары ұстап, салалық жарыстардың бірнеше рет жеңімпазы атанды. Басшылар тарапынан еңбегіне лайықты мақтаулар мен марапатқа да ие болды. Марапаттың ең үлкенін бертін келе, ширек ғасырдай уақыт өткенде алды. 2007 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының ұйғарымымен «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін кеудесіне тақты.

– Жұбайым Сұлушаш екеуміз бес бала өмірге алып келдік. Балаларым да менің ізімді қуып, темір жол саласына жұмысқа тұрып, бүгінде өздеріне ұнаған мамандықтары бойынша еңбек етуде, – дейді машинист Жақсат Ибрагимов.

Үлкен ұлы Асылбек пен екінші ұлы Асылхан машинист болып жұмыс жасауда.  Әке жолын жалғаған қос ұлдың да бүгін мерейі үстем. 

– Біз бала кезден әкеміздің жұмысының қыр-сырымен қанық болып өстік. Кейінен мектеп бітірген соң біздің алдымызда бір ғана мақсат тұрды ол әкеміз сияқты теміржолшы болу еді. Осылай ең бірінші ағам Асылбек машенист көмекшісі болып қызметке орналасты. Одан соң мен депоның инженері болып қызмет жолымды бастап машенистке дейін сатылап көтерілдім, - дейді Асылхан.

Абырой биігінен алшақтамай еңбек етіп жүрген жанұя бинеттің зинетін көріп, бір салада тұрақты қызмет етіп келе жатқан үлгілі жандар. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы болар.

Бала күнінде «шопыр» болып машина жүргізуді армандамайтын бала болмайды. Ал Жақсат кішкентайынан «өскенде кім боласың?» десе, «пойыз айдаймын» деп жауап береді екен. Темір жолдың бойында, Қызылорданың Арал ауданына қарасты Сексеуіл станциясында дүниеге келген бала үшін мұның еш ерекшелігі болмаса керек.

Айтқанындай, Қазалыдағы машинистер даярлайтын училищені тәмәмдаған соң Сексеуіл локомотив пайдалану депосына машинист көмекшісі болып қабылданады. Табаны күректей бес жыл көмекші машинист болып әбден тәжірибе жинаған соң ғана машинист тізгініне ие болды. Бұл 1982 жыл болатын. Міне, содан бері қол үзбестен өзі сүйген мамандығы бойынша жұмыс істеп келеді.

Мамандығына адал Жақсат Ибрагимов жерге қаратқан жоқ, өндірістік көрсеткіштерін үнемі жоғары ұстап, салалық жарыстардың бірнеше рет жеңімпазы атанды. Басшылар тарапынан еңбегіне лайықты мақтаулар мен марапатқа да ие болды. Марапаттың ең үлкенін бертін келе, ширек ғасырдай уақыт өткенде алды. 2007 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының ұйғарымымен «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін кеудесіне тақты.

-Балаларым да менің ізімді қуып, темір жол саласына жұмысқа тұрып, бүгінде өздеріне ұнаған мамандықтары бойынша еңбек етуде, – дейді машинист Жақсат Ибрагимов.

Үлкен ұлы Асылбек бүгінде өзімен үзеңгі қағыстырып дегендей жұмыс істейтін мынау деген машинист. Ал екінші ұлы Асылхан депода сапа инженері болып жұмыс істейді. Бүгінде әкелі-балалы машинистер күзгі комиссиялық байқауды өз дәрежесінде өткізуде. Қозғалыс және еңбек қауіпсіздігі жөнінде өткізілген аттестация қорытындысымен «жақсы» деген баға алған олар жыл басынан бері ешбір апат-ақауға жол берген емес. Жылжымалы құрамды Сексеуілден Ақтөбе жол бөлімшесінің Тоғыз станциясына дейін, бергі жағы Қазалы станциясына дейін ешбір кедергісіз, уақытылы жеткізіп жүрген әкелі балалы машинистер депо ұжымының қазіргі жетістіктеріне сүбелі үлестерін қосып жүр деуге толық негіз бар.

Депода жүргізіліп жатқан қысқа әзірлік жұмыстары да көңілден шығады. Ағымдық жөндеуден шыққан тепловоздар түгелімен сырланып, қосалқы бөлшектері ауыстырылған. Енді жақын күндері қысқы жанар-жағар майлары ауыстырылып, мотор тұстары жабылғымен қапталмақ. Мұндай негізгі, қажетті заттардың уақытылы қамтылуы кешегі өткен байқаудағы комиссия құрамының есертулерінде де нақтылай айтылды.

-Локомотив паркіндегі тепловоздардың барлығы осындай ірілі-ұсақты сынақтардан өткен, – дейді депо директоры Бөрі Суханұлы.

Алдағы күндердің еншісінде әлі де атқарылуға тиісті біршама жұмыстарымыз бар. Мақсат, темір тұлпарларды қысқа сақадай сай шығару.

Тағы да оқыңыз: