Тәжікстан, Душанбе қаласы

Kyzylorda-news.kz Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады, – деп хабарлайды Akorda.kz.

Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.

Фото: Akorda.kz

Тағы да оқыңыз: