Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Баян Дүйсенбек, Мөлдір Дүйсенова, Мунира Дүйсебаева, аудандық мәслихат депутаттағына үміткер Ғалымжан Әлтаев Жақаев ауылы тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарына тоқталды.

“Партия білім беру сапасын арттыру, сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға қарай жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар құрамы үлесін 44 пайыздан 65 пайызға жеткізіп, 5 ауылдық елді мекендегі мектептерге математика, орыс тілі пәндері бойынша жетіспейтін кадрларды тартуды жоспарлап отыр. Аудандағы 4 негізгі мектептерді кезең-кезеңімен жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықтап, білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуды көздеп отыр. Сонымен қатар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетуді де жалғастырады. Педагогтарды киберпедагогика негіздері және қашықтан оқыту форматының әдістемесі бойынша оқытуға ықпал етеді”, – деді үміткер Баян Дүйсенбек.

Ал үміткер Мөлдір Дүйсенова, ауыл тұрғындарын партияның денсаулық сақтау бағытындағы жобаларымен таныстырды.

“Медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттыру бағытында Досбол би, Алғабас, Бұланбай бауы, Бала би елді мекендерінде ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізеді. Жыл сайын 230 медициналық ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға назар аударып отыр. Тұрғындарды скринингтен уақтылы өткізуге, 1 неонатолог, 1 балалар хирург дәрігері мамандары бойынша қажеттілікті қамтамасыз ету, аудандағы мамандар тапшылығын төмендету мақсатында еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында облыс әкімінің гранты арқылы аудан бойынша 3 мектеп түлегін оқыту жоспарланған. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал етеді”, – деді Мөлдір Дүйсенова.

Үміткерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.

“Nur Otan” партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағы да оқыңыз: