Kyzylorda-news.kz. Жаңа оқу жылында мектепке барып оқитын балалар сабақта маска тағып отырады, ал қолғап кию міндетті емес. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

“Балаларға қолғап кию міндетті емес. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ал сабақ кезінде балалар маска тағуы тиіс. Статистика бойынша олар вирусты сирек жұқтырса да, ауру тасып, өзінен үлкен адамдарға жұқтыруы мүмкін”, – деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

Ол республика бюджетінде балаларды маскамен қамтамасыз етуге ақша қаралмағанын айтты. Бірақ, бұл ұсынысты денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына жеткізуге уәде етті.

Коронавирусқа байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды.

Тағы да оқыңыз: