Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданындағы іс-сапарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов аудандық аурухананың жұмысымен танысты.
Аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсететін бұл нысан 2020 жылдың 28 желтоқсанында пайдалануға берілген.
Құрылыс жұмыстары республикалық бюджет есебінен қаржыландырылып, жобаның жалпы құны 4 млрд 45,0 млн теңгені құрады. Бас мердігер – «Абу Сер» ЖШС.
130 төсек-орынға арналған аурухана қазіргі таңда тұрғындарға кешенді медициналық қызмет ұсынып отыр. Оның құрамында:
- 1 аудандық аурухана
- 1 аудандық емхана
- 12 дәрігерлік амбулатория
- 2 фельдшерлік-акушерлік пункт
- 2 медициналық бекет бар.
Мархабат Жайымбетов аурухананың материалдық-техникалық базасымен, дәрігерлердің жағдайымен және халыққа көрсетіліп жатқан медициналық қызметтің сапасымен танысып, сала мамандарымен пікір алмасты. Медициналық инфрақұрылымды дамыту, жас мамандарды тарту және қызмет сапасын арттыру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
"Аймақтардағы медициналық қызметтің сапасын арттыру – біздің басты міндетіміз. Мұндай сапарлар жергілікті деңгейдегі нақты проблемаларды көруге және шешуге мүмкіндік береді", – деді ол өз сөзінде.

