Фото: kursiv.media
Kyzylorda-news.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы. Бұлтартпау шарасы – "Қамауда ұстау", - делінген хабарламада.
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауға болады: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электронды пошта kb.vko@antikor.gov.kz).
Антикор іздестіруге көмектескендерге сыйақы берілетінін және деректері құпия сақталатынын айтып отыр.
Еске салайық, 14 тамызда Мәсімовтің экс-күйеубаласына іздеу жарияланғаны белгілі болды.
Іздеу жарияланған Мәсімовтің экс-күйеубаласы Азамат Кәпенов Біріккен Араб Әмірліктерінде жасырынып жүруі мүмкін. Бұл туралы ақпарат «Выход к морю» телеграм арнасында пайда болды.
Телеграмдағы мәлімет бойынша, бұл туралы ақпарат ресейлік «Магистраль» жүйесінде пайда болған. «Магистраль» - ел ішінде қоғамдық көлік жолаушыларының қозғалысын және олардың Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасынан өтуін тіркеп отыратын жүйе. «Выход к морю» Кәпенов Мәскеуден Дубайға 2023 жылдың 22 шілдесінде ұшып кетіп, қайтадан оралмағанын жазады.