Kyzylorda-news.kz. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған азаматтар қымбат тұратын медициналық қызметтерге жүгіне алады.

№6 емханаға қарасты Қызылорда қаласының тұрғыны жатыр миомасы және аналық без кистасы диагнозы қойылды. Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігерлері оған лапароскопиялық отаны сәтті жасады. Қазір науқас өзін жақсы сезініп, емханада емін жалғастыруда.

Әйел уақытша жұмыс істемейді, бірақ ай сайын МӘМС жарналарын төлейді, сондықтан оған сақтандыру пакетінің барлық медициналық қызметтері қол жетімді.

«Осы жылдың қаңтар айынан бастап мен МӘМС жүйесіне ай сайын 2 125 теңге аударамын. Бұл менің УДЗ, МРТ, және қымбат анализдер үшін өз қалтамнан қанша ақша төлегенімді ескерсек, бұл аз сома. Мен сақтандырылғандықтан, маған да ота жасалды, емханада эндометриозды емдеуге арналған дәрілер тегін беріледі. Көмек үшін дәрігерлерге алғыс айтамын. Мен медициналық сақтандырудың жұмыс істейтінін түсіндім», – дейді қала тұрғыны.

Қызылорда облысында 30-35 жастағы әйелдер арасында қатерсіз ісік, миома, киста, қалыптан тыс қан кетулер жиі кездеседі. Сондықтан дәрігерлер скринингтік тексерулерге ерекше назар аударады.

«Мысалы, егер жатыр мойнының скринингі барысында дисплазия, адамның папилломавирусы, қатерлі ісік анықталса, біз пациентті жеке клиникаларға, зертханалық және диагностикалық тексерулерге жібереміз. Егер онда диагностикалық жабдықтарда ақаулар туындаса, біз Қызылорда немесе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының басқа клиникаларына жібереміз. Сақтандырылған азаматтарға медициналық қызметтің барлық түрлері қолжетімді болуы тиіс», – деп атап өтті №6 емхананың гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Индира Ермаханова.

Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар МӘМС жүйесінің артықшылықтарын сезініп келеді.

Тағы да оқыңыз: