**Kyzylorda-news.kz. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған UMAI сыйлығы туралы хабарлады.** Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн. теңгені құрайды. Сыйлық: театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды. Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн. теңге және «Үздік музыкалық-драмалық спектакль» және «Үздік балет спектаклі» номинацияларының жеңімпаздары 10 млн. теңге алады. Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті