Kyzylorda-news.kz. “Nur Otan” партиясының “Кедергісіз келешек” жобасы аясында облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен арнайы мониторинтік топ өңірдегі әлеуметтік объектілердің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігінің қамтамасыз етілуіне қоғамдық бақылау шараларын жүргізіп келеді.

Аталған топ өкілдерімен бірге облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова қаладағы бірқатар медициналық мекемелердің ғимараттарындағы жағдайды пысықтады.

Атап өту керек, кейбір емханаларға өткен жылы мониторингтік жұмыстар барысында ескертулер берілген. Аталған ескертулер бойынша нақты жұмыстар жүргізілгенімен әлі де жасалатын жұмыстар бар екендігі анықталып отыр.

Мәселен, диагностикалық орталықтағы мүгедектігі бар азаматтар үшін жағдайдың өз дәрежесінде жасалмағандығы көрінді. Нақты айтқанда автотұрақ, пандус, ғимарат ішіндегі жедел саты (лифт) әжетхана стандартқа сәйкес емес.

Ал №2 емханадағы жағдай мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 100 пайыз бейімделген және белгіленген стандарттарға сай.
Барлық жағдайды көзбен көріп зерделеуші топ кемшіліктер анықталған нысандар бойынша жауапты мамандарға ескертулер жасады.

Мониторингтік топ құрамымен жасалған хаттама жауапты департаментке жолданбақ. Мониторинг жұмыстары облыс көлемінде жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: