Kyzylorda-news.kz. Талдықорғанда екі күн бұрын қайтыс болған жасөспірімнің ата-анасы өлімге басқа нәрсе себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетінші қабаттан пәтер жалдап, терезеден секіріп кеткен Асылжан Абдуллаев – Ақтөбедегі авиация училищесінің курсанты. Қысқы демалысқа үйіне келген бозбаланы әкесі Алматыға жол жүру үшін таксиге мінгізіп жібергенін айтты. Бірақ оның Талдықорғанда қайтыс болғанын естігенде төбесінен жай түскендей күй кешкен. Марқұмның ата-анасы баламызды өлімге бәзбіреулер итермелеуі мүмкін деп топшылайды.

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу бастаған полиция жас жігіттің мұндай сұмдық қадамға не үшін барғанын анықтауға кірісті.

"Полицейлер өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Тағы да оқыңыз: