Kyzylorda-news.kz Облыс аумағынан өтетін респбликалық маңыздағы «Самара-Шымкент» күре жолында жылдан жылға көлік қатынасы ұлғайып келеді. Көлік логистикасы жақсарғанымен үлкен жолда жолаушылардың қауіпсіздік мәселесі мамандарды алаңдатып отыр. Мәселен, осы жылдың үш айында трассада 18 жол көлік апаты орын алып, 9 адам ажал құшса, 18 жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Өткен жылғы статистикамен салыстырғанда көрсеткіш 10 пайызға төмендеген. Бірақ, жол үстінде жүйткіп, оқыс оқиғаларға себепші болатын жүргізушілер әлі де кездеседі. Осыған орай, «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бойында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Қызылорда облысының «ҚазАвтоЖол» және «ҚАЖсервис» мекемелерінің мамандары  полиция инспекторларымен бірлесіп көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

«Негізгі мақсатымыз жол бойында жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды жете түсіндіру. Себебі, көбіне жылдамдықты асыру, қарама қарсы бағытқа шығу, басқару жүйесіне ие болмауынан көлік апаты орын алып, қайғылы жағдайларға әкеп соғады. Сондықтан, көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда қолданылатын әкімшілік айыппұлдар мен құқықтық-тәртіптік шаралар көрсетілген парақшаларды үйлестірдік. Және де олардың да ой-пікірлерін тыңдап, әрбір айтылған ұсынысын ескеретін боламыз»,- деді «ҚАЖСервис» ЖШС ҚОФ директоры Нұрбол Абызбаев.

Тағы да оқыңыз: