Коронавирус: Өткен тәулікте 9 қызылордалықтан анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Коронавирус: Өткен тәулікте 9 қызылордалықтан анықталды

23.02.2021, 9:20

412 0

Kyzylorda-news.kz. Өткен тәулікте Қызылорда облысында 9 адамнан коронавирус індеті анықталды. Тіркелген науқастардың 7-і Қызылорда қаласының, 1-уі Қазалы, 1-уі Сырдария ауданының тұрғындары.

Пандемия кезеңінен бері 3635 адам емделіп шыққан. 24 сағат ішінде зертханаға 1177 сынама тапсырылған. Оның 697-і тексерілген, 480-і бойынша жұмыс жасауда. 17765 қалдық тест қалып отыр. Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 45 науқас, инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 4 науқас ем қабылдап жатыр.

Қазақстанда өткен бір тәулікте коронавирус ПТР-сынама арқылы 692 адамнан анықталды, деп хабарлайды  coronavirus2020.kz.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында -24536 (+60),

Алматы қаласында – 24470 (+111),

Шығыс Қазақстан облысында – 21692 (+82),

Атырау облысында – 16967 (+28),

Павлодар облысында – 17128 (+93),

Қарағанды облысында – 15133 (+35),

Ақмола облысында – 13242 (+65),

Батыс Қазақстан облысында – 12622 (+45),

Солтүстік Қазақстан облысында – 12138 (+40),

Қостанай облысында – 11985 (+67),

Алматы облысында – 10512 (+36),

Шымкент қаласында -6078 (+6),

Жамбыл облысында – 5865 (+10),

Түркістан облысында – 4252 (+5),

Маңғыстау облысында – 4202 (+0),

Ақтөбе облысында – 4191(+0),

Қызылорда облысында – 3796 (+9).

Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны – 208 809.

0

Пікір қалдыру