Kyzylorda-news.kz Жаңаөзендегі «МұнайСпецСнаб Компани» жұмысшысы қаза болды. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады.

– «Өзен» кенішінде 27 қаңтарда түнгі ауысым жұмысшылары ұңғымалардың біріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде жазатайым оқиға болып, «МұнайСпецСнаб Компани» жұмысшысы қаза болды. Қазір оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін және алда мұндай оқиғаларға жол бермес үшін мемлекеттік еңбек инспекциясының жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр, — деп жазылған компания хабарламасында. 

Хабарламада жұмысшы қазасына қатысты ақпарат нақты айтылмаған. Жанаөзенде жалақы мен жұмыс сапасын арттыруға байланысты түрлі наразылықтар болған.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: