Kyzylorda-news.kz Бүгін Президент саябағында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен коммуналдық мекемелерге 37 арнайы техника табысталды.

Аймақ басшысы сала еңбеккерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Коммунальным предприятиям передана спецтехника1.jpg

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені, «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз».  Президентіміздің бұл игі бастамасы аясында Сырдың бас шаһары – Қызылордада ауқымды жұмыс жүйелі атқарылып келеді. Аймақ тұрғындары да елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне ерекше үлес қосуда. Туған өлкеміз өзге өңірлерге үлгі болып, тазалық жаршысы атанды. Осы шара тек тазалықты ғана емес, елдіктің белгісін,  ауызбірлік пен ынтымақты паш етті. Бұл – біздің нағыз жасампаз мекен екеніміздің айқын айғағы», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Рәсімде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйледі. «Таза Қазақстан» бағдарламасын өңірде нәтижелі жүзеге асыруға белсене атсалысып, қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Бүгін берілген 37 арнайы техниканың 32-сі«Қызылорда тазалығы» мекемесінің иелігіне өтті. Олардың 15-і – қатты тұрмыстық қалдық тасу көлігі, 5-еуі – қысқы және жазғы мезгілге арналған аралас қызмет техникасы және 12-сі көше тазалығына арналған.

Коммунальным предприятиям передана спецтехника2.jpg

Ал «Қызылорда су жүйесінің» автопаркі вакумдық ассенизаторлармен және жылжымалы жөндеу техникаларымен толықты. Озықтехникалар коммуналдық саланың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, тұрғындарға көрсетілетінқызмет сапасын арттыра түседі.

Айта кетейік, кейінгі жылдары барлық саланыматериалдық-техникалық жағынан жарақтандыруғаерекше басымдық берілді. Жаңа автобустаралынып, қоғамдық көлік мәселесі шешілді. Мектеп оқушыларын тасымалдауға автобустар, денсаулық сақтау саласына жедел жәрдем көліктері сатып алынды. 

Сонымен қатар орман шаруашылығы, ветеринария салаларына және құқық қорғау органдарына қызметтік автокөліктер берілді.

Қалалық коммуналдық қызметтерге де жан-жақты қолдау көрсетілуде. Төрт жылдың ішіндеоблыстық бюджеттен 3,1 млрд теңге бөлініп,заманауи үлгідегі 82 арнайы техника алынды.

Тағы да оқыңыз: