Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коммуналдық сала жұмысының тиімділігі мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайы талқыланды. Күн тәртібінде өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтау және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері де қамтылды.

FB_IMG_1768758664149.jpg

Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне тұрғындардан  келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды жедел қарауды, туындаған түйткілдерді уақытылы шешуді тапсырды. Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету,  бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

“Коммуналдық қызмет сапасы халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді. Сондықтан су, жарық, жылу және газбен қамтуда іркілістер болмауы тиіс”, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің қатынасын реттеуді және электр желілерінде орын алуы ықтимал авариялық жағдайлардың алдын алуды тапсырды.

FB_IMG_1768758661809.jpg

Тағы да оқыңыз: