Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі Жапония Елшілігі ұйымдастырған «Шөп тамыры» гранттық жобасы арқылы автобус ұтып алды. 

Аталған мектеп ауласында жаңа автобустың лентасы қиылды. 

Шараға Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ төрайымы Орынша Міржақыпқызы қатысып, жаңа автобустың лентасын қиды. Сонымен қатар мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтады. 

Мұндай қуанышты хабар мектеп-лицейдің ата-аналары мен педагогтерін, жалпы ұжымды бей-жай қалдырмады. Сондықтан тарихи сәтті ата-аналар мен мектеп оқушылары бірге тамашалады. 

Шараның екінші кезеңінде «Мектебіңе бір тал сыйла» акциясы болды. Аталған акция аясында мектеп-лицей ауласына оқушылар көшеттер мен гүл отырғызды. Акцияға мектептің барша қызметкерлері мен ата-аналары қатысты. Олар осылайша мектеп айналасының көгалдануына өз үлестерін қосты.  

Айта кетейік, акция барысында «Есетов саябағы» ашылып, саябаққа туя, терек, жеміс ағаштары отырғызылды. Бұл күні 1500 көшет егілді. Осындай игі шараға ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналары да белсене араласты. 

339255212_1150267498974571_7102033182019276946_n.jpg
338745279_632391088696442_4442696387041639237_n.jpg
339158667_551102717112269_8998498380529496758_n.jpg

Тағы да оқыңыз: