Kyzylorda-news.kz. Әлемжеліде Қызылорда қаласындағы автовокзалға қатысты тұрғындар базынасын жеткізді деп хабарлайды Kyzylora news ақпарат агенттігі.

Қала тұрғыны Сұлтан Сәбит Facebook парақшасына «Қызылорда қаласының сол жағалауынан салынайын деп жатқан жаңа автовокзалда билетті онлайн алуға мүмкіндік беретін бір бағдарлама орнатсаңыздар немесе билеттерді сататын құрылғы қойсаңыздар» деп ұсынысын жеткізді. Бұған қоса, Бөкейхан көшесінде орналасқан «Салтанат» автовокзалында есепшотсыз қолма-қол ақша төлейміз. Терминал мен кассалық аппарат жоқтығын айтып, жауапты мамандардың жауапсыздығына наразылығын білдірді. Бұл мәселеге қатысты редакция тілшілері ақиқатын анықтады.

Бүгінде «Салтанат» автовокзалында 22 жуық қоғамдық көлік бар. Қызылорда облысынан бөлек, Астана, Алматы, Шымкент, Сарыағаш, Түркістан қаласы тіпті Өзбекстан мен Қытай мемлекетіне жолаушыларды тасымалдап отыр. Күнделікті халыққа қызмет етіп отырған мекеме қызылордалық тұрғынның арызынан хабардар екенін жасырмады. Сондай-ақ, кассалық аппараттың бары анықталды.

Қала тұрғынының арызын білеміз. Біз халықтың қалауы бойынша жұмыс істеуге тырысып жатырмыз. Қағазға жазылып беретін билетті автоматты түрде компьютермен теріліп, шығаруға жоспарлаудамыз. Бірақ бізде есепшотсыз берілмейді. Билетпен бірге кассалық аппарат арқылы түбіртек беріледі. Ал, ертерек брондағысы келген адамдарға жағдай жасалған. Әлеуметтік желіде кассаның телефондары көрсетілген. Сол арқылы алдын ала брондауға халықтың толықтай мүмкіншілігі бар. 2020 жылы билеттерді сатудың автоматтандырылған жүйесін орнатқымыз келді. Алайда пандемия уақытымен тұспа-тұс келіп, жұмыс жүзеге аспай қалды. Халық қоғамдық көліктерді пайдаланбады. Дегенмен, біз терминалды сатып алдық. Қазір қажетті бағдарламаларды орнатып, терминалды қолданысқа береміз деп жоспарлап отырмыз, - деді автовокзалдың бас кассирі Жанат Иньятова.

Азамат Абимолда

Фото: Сұлтан Сәбит

Тағы да оқыңыз: