Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ФКС-26-11 оқу тобының студенті Заңғар Асхан Малайзияда жамбы атудан ересектер арасында өткен Азия чемпионатында жоғары спорттық шеберлік танытты.
Халықаралық додада ол «Массай стилі» бойынша қарсыластарынан басым түсіп, І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар «Түрік стилі» бойынша ІІ орын иеленіп, ел қоржынына алтын және күміс жүлде салды.
Сурет: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
