Азамат Абимолда

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалықтар «Қазақтелеком» қытыққа тиді. Компания рұқсатсыз TV+ қосымшасын тықпалап, тіпті ол үшін қаржы қолқалады деп наразы, - хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі.


Редакцияға Қызылорда қаласының тұрғыны Аякөз Әбдразақова хабарласып, тұтынушы ретіндегі құқығы бұзылғанын жеткізді.  Оның айтуынша, TV+ қосымшасы үшін 5 ай ақша төлеген.


- Наурызда ажыратқан TV+ қосымшасын тамыз айында рұқсатсыз қайта қосып, ол үшін ай сайын ақы ұстаған. Неліктен ажырату үшін өтініш жазу керекпін? Онда неге қосымшаны қосу үшін өтініш жазбаймын? Қосымшадан бас тартуға барсам, ұзын-сонар кезек, қызмет көрсету сапасы сын көтермейді, - дейді қала тұрғыны.


Кері байланысқа  шыққысы келмеген компанияға тілші жетті. Мақсат – мәселенің жай-жапсарына көз жеткізу болатын. Жауапты маман берген пікір мынадай.


- Тамыз айында А.Әбдразақоваға диллер хабарласып, рұқсаты арқылы қосқан болу керек. Біз алдағы уақытта оны тексеріп анықтаймыз. Рұқсатсыз қосылып, төлеген жағдайда ақшасы кері қайтады. Негізінде бізде 5 адам халыққа қызмет көрсетеді. А.Әбдразақова адам көп уақытта келген болу керек. Сол себепті мамандар тиісті қызметті уақытылы ұсынбаған, - дейді Қызылорда қаласындағы «Қазақтелеком»-ның супервайзері Ботогөз Шынбергенқызы.


«Қазақтелеком» мекемесіндегі кезек те TV+ қосымшасына байланысты артқанын білдік.  Жауаптылардың айтуынша, диллер хабарласқанда көбі қызметтің мәнісін түсінбей келісіп, кейін бас тартып жатады...

Фото: редакцияныкі 

Тағы да оқыңыз: