Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары 8 айдың қорытындысымен 131 нысан бойынша 364 рет жолға тексеру жұмыстарына шықты.
Қадағалау барысында 1001 сынама алынып, зертханада тексерілді. Соның ішінде 230 сынама нормативтік талаптарға сай болмай шықты. Ал аспаптық тексеру барысында 71 өрескел ақау анықталды. Орталық тарапынан берілген ескертпе ақаулардың нәтижесінде облыс бойынша 76 млн. 768 мың теңгенің 23038 м² асфальт жамылғысы және 1496 м³ инертті материалдар сүріліп, қайта салынды. Тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелерге анықталған кемшіліктер бойынша хаттар жолданып, орын алған олқылықтар түзетілді.