Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында хабарсыз кеткен 41 жастағы әйел табылды.

21 ақпанда Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел 102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, қарындасының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде арызданған еді.

​«Қызылорда қаласы полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері аталған хабарлама негізінде іздестіру жүргізді. Барлық көшелер, аулалар мұқият зерделеніп, жергілікті тұрғындардан сұрау жүргізілді. Жедел- іздестіру жұмысының нәтижесінде жоғалған 41 жастағы азаматша қала көшелерінің бірінен аман-есен табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Тағы да оқыңыз: