Kyzylorda-news.kz. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі және Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін елдің ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
Диктант Қызылордада Достық үйінде үстіміздегі жылдың 4 мамырында сағат 10:00-де басталды.
Аталған шараға 30-дан астам этномәдени бірлестіктердің, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.
Жалпыұлттық диктант этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатын көздейді. Айта кету керек, комиссия құрамында облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары болып, қатысушылардың сауаттылығын бағалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деген болатын. Бүгінгі өткен диктанттың міндеті де осы. Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту.
Сыр жастары жалпұлттық патриоттық диктантқа белсенді қатысты
Сынымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасымен мамыр айының атаулы мерекелері қарсаңында өткен «Еркін ел ұрпағы» тақырыбындағы жалпыұлттық патриоттық диктант жазуда Сыр жастары да белсенділік танытты.
Ұлттық бірегейлікті қалыптастырып, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық салт-сананы бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі шараның басты мақсаты. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтап, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуге үндейтін шарада қатысушылар өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге мүмкіндік алмақ.
Аталмыш шараға барша Сыр жастары да асқан қызығушылықпен қатысуда. Тіл тазалығы мен қазақы құндылықтар ерекше сақталған аймақта жастардың мұндай бастамасы көпке үлгі болары анық. Себебі сол арқылы мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп, оның қоғамдық маңызы арта түспек.
Диктант мәтіні – 141 сөзден тұрады. Диктантқа онлайн, офлайн қатысуға мүмкіндік бар. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған.
Қызылордалық тәртіп сақшылары да диктант жазды
«Еркін ел ұрпағы» тақырыбында өткен шараға Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері де атсалысты.
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында өткізілген жалпыұлттық патриоттық диктант Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері мен жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылды.
Жалпы, бұл патриоттық сарындағы шараның мақсаты ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар қатысушылардың мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және осы диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу болып табылады.
Қызылорда облысы полиция депаратментінің 30-ға жуық қызметкерлері диктант жазуға қатысты. Жалпыұлттық диктант еліміз бойынша белгіленген бір уақытта жүргізілді.
Диктант жұмысы бағаланбайды және қатысушылардың саны мен жазу сауаттылығының жалпы пайызы шығарылатын болады.
Аталған шараға Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері де атсалысып, диктант жұмысына қатысты.
Шараға қатысушыларды басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов алда келе жатқан мамыр мерекелерімен құттықтап, диктант жұмысына сәттілік тіледі.