Kyzylorda-news.kz. Ұлттық құндылықтарымыздың бiрi - қасиетті қара домбыраны дәріптеу мақсатында Сыр өңірінде көптеген iс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аудан орталықтары мен ауылдарда түрлi мәдени-көпшілік жиындар мен кештер өткiзiлуде. Ұлттық домбыра күні қарсаңында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған "Күй мен күйшi" атты халық аспаптар оркестрінің күйші-концертмейстерлерінің республикалық фестивалі өтті. Оның қорытындысымен Тұңғыш Президент саябағында гала-концерт ұйымдастырылды.
Облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы өнер шеберлерін құттықтады.
Мерекелік кеште "Қара жорға", "Сарыарқа", "Адай" секілді күйлер орындалып, қалың көрерменге рухани азық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.