Kyzylorda-news.kz. КБИ мөлтек ауданың қала орталығымен жалғайтын қалаішілік №10 бағыт жаңғыртылып халыққа бүгіннен бастап қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директоры Мақсат Жүсіп хабарлады.

Аймақ басшысының қолдауымен алынған жаңа автобустар халық игілігіне жұмыс жасауда. Солардын бірі КБИ мөлтек ауданы тұрғындары үшін қала орталығына қатынауына ынғайлы жағдайлар жасай отырып №10 бағыт іске қосылды. Қоғамдық көлікте мүгедектігі бар жандарға арналған пандус бар. Автобус салоны жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камерасымен, жылыту және салқындатқыш, GPS қондырғысымен жабдықталған.

Аталған бағыт бұрынғы жол сызбасымен жүретін болады.

Биылғы жылдың аяғына дейін облыс орталығы тұрғындарымен қала қонақтарына сапалы қызмет көрсету мақсатында қосымша 150 дана үлкен сыйымлықтағы автобустар сатып алынып, қала ішілік бағыттарды толықтай қамту жоспарланған.

Айта кетейік, бүгінде серіктестік - №1, 3, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19, 20, 22, 25, 28, 29, 30, 31 қала ішілік бағыттары және «Ягодка», «ПМК - 29» бен «Қараөзек» саяжайлары бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруда. Осыған №10 бағыт қосылды.

Тағы да оқыңыз: